Нұрлан Алматайұлы Төлтай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрлан Алматайұлы Төлтай - 1962 жылы 20 сәуірде Жамбыл облысы Талас ауданының Үшарал ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Төлтаев Алматай, зейнеткер, Үшарал ОМ директоры болған. Анасы - Төлтаева Сақыпжамал Нұрмағамбетқызы, зейнеткер, Үшарал жұмысшы кооперативінің сатушысы болып жұмыс істеген. Алматы сәулет-құрылыс институтының сәулет өнері факультетін (1984) сәулетші мамандығы бойынша; Алматы технологиялық университетінің экономика факультетін (2002) экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

  • 1984 жылдың қыркүйегінен - Орал облыстық құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімінің инженер-сәулетшісі.
  • 1984 жылдың қарашасынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1986 жылдан - Орал облыстық құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімінің аға сәулетшісі.
  • 1991 жылдың желтоқсанынан - Орал облыстық әкімшілігі Сәулет және құрылыс комитетінің бас жоба сәулетшісі.
  • 1994 жылдың наурызынан - «Алма-Тай» жобалау-зерттеу шағын кәсіпорнының директоры (Орал қаласы).
  • 1996 жылдың қарашасынан - «Мерей» АҚ жиһаз құрастырушысы (Алматы қаласы).
  • 1996 жылдың желтоқсанынан - «Ер-Дан» жобалау-құрылыс шағын кәсіпорнының бас инженері (Алматы қаласы).
  • 1999 жылдың сәуірінен - Тараз қалалық экономика басқармасында қаржы-экономикалық және техникалық сараптама, өзара есеп-айырысу және төлемеулерді реттеу бөлімінің бастығы.
  • 1999 жылдың тамызынан - Тараз қаласының бас сәулетшісі - Тараз қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы.
  • 2000 жылдан - қалалық сәулет және қала құрылысы комитетініңтөрағасы м.а., төрағасы -Тараз қаласының бас сәулетшісі.
  • 2004 жылдан - қала құрылысы және құрылыс бөлімінің меңгерушісі - Тараз қаласының бас сәулетшісі.
  • 2006 жылдың қыркүйегінен - «Базис-А» корпорациясының «SHEBERINVEST» ЖШС сәулет және қала құрылысы жөніндегі менеджері (Алматы қаласы).
  • 2008 жылдың наурызынан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазреставрация» РМК ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы директорының орынбасары (Алматы қаласы).
  • 2009 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы м.а.,
  • 2009 жылдың желтоқсанынан бері - басқарма бастығы. ҚР қала құрылысшылары одағының мүшесі (2003 жылдан).

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тәуелсіз, демократиялық, қарқынды дамушы, индустриялық тұрғыда дамыған ел».

Үйленген. Жұбайы - Ыбыраева Нұрбану Қойшанқызы, ӨТБ жетекші инженері. Қыздары - Алматай Дина Нұрланқызы, Алматай Әйкерім Нұрланқызы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub