Нұркен-2 қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұркен-2 қорымы – көне дәуірлер ескерткіші. Орталық Қазақстан облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде, “Қарқаралы – Жаңатоған” автожолының сол жағында орналасқан. Ерте темір дәуірі мен ортағасырлық обаларды біріктіреді. Аумағында, сондай-ақ 19 ғасыр мазарлары орналасқан. Ерте сақ кезеңінің екі үлкен обасы алыстан көзге түсетіндіктен, халық арасында “Қособа” деген атпен де белгілі. 2001 – 02 жыдары А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Сарыарқа экспедициясы (жетек. А.Бейсенов) бір топ обаны зерттеді. Қорымдағы ескерткіштердің ең үлкені болып 1-ші (диаметрі 40 м, биіктігі 4 м) және 2-ші (диаметрі 57 м, биіктігі 6 м) обалар саналады. Бұл обалардан күрделі архит. және стратигр. ерекшеліктер анықталған. Үйінді құрылысы кезінде 2 обада да балшық кірпіштен қаланды, жерлеу камералары үлкен тас тақталардан құрастырылған шаршы жәшік (1-оба) және үлкен тастардан лай араластыра, киіз үй бейнесінде қалап шығарған аса ірі қабірхана түрінде (2-оба). 2 обада да жерлеу камерасынан оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған ұзын “дәліздер” (“дромос”) тартылған. Барынша тоналған обалардан қыш ыдыс үлгілері, тас дәнүккіштер табылды. 2-оба жанынан табылған, көне ирандық ахеменид нақышында жасалған бірегей қола қапсырмада адамдар бейнеленіп, әлдебір көне сюжет берілген. Орталық Қазақстан аумағындағы тасмола мәдениетінің әзірше зерттелген ең үлкен обалары болып отырған 1, 2-обалар б.з.б. 7 – 6 ғ-лар деп мерзімделеді. Қорым құрамында 2 “мұртты” оба бар, екеуінің де “мұрттары” қатты бүлінген. Мұның біреуінен (б.з.б. 5 ғ.) ер адам мен әйел жұптасып жерленген үлкен тас жәшік ашылды. Екінші “мұртты” обадағы лақатты қабірден ер адам қаңқасы және қыштан жасалған бір ұршық басы табылды (шартты мерзімі – б.з. 1-мыңжылдығының 1-жартысы). Келесі бір топ обалардың қорғантас кезеңіне жататыны анықталды (б.з.б. 3 – 1 ғасырлар). Қорым құрамындағы ортағасырлық обалардан кезеңіне жататын жерлеулер ашылды (6 – 9 ғасырлар).

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұркен-2 қорымы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}