Нұркен-1 қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұркен-1 қорымы – көне дәуір ескерткіші. Орталық Қазақстан облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылының аумағында, Жарлы өзенінің оң жағалауында орналасқан. 1978 – 79 жылдары ҚарМУ археологиялық экспедициясында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Заттай деректерді қола және пасталы моншақтар, 1,5 айналымды, алтын жалатылған қола алқа, екіжүзді қола пышақ, жалпы саны 30 шақты ыдыстан қалған қыш сынықтары құрайды. Қышқа штрихталған үшбұрыштар, бұрыштап түсірген шұңқыршалар, иректер, меандр түріндегі оюлар салынған. Өрнекті түсірудегі негізгі техникалық әдістер – тарақ штамппен басу және ойып түсіру. Бір ыдыстың түбіне көне дәуірдің танымал өрнегі – қас таңбасы (свастика) айқын түсірілген. Қазақстанның байырғы тұрғындары – андрондықтарда болған бұл таңба “мәңгілік”, “мәңгі қозғалыс” ұғымын берген. Қорым қышының өрнектегі және ыдыс жасаудағы ерекшеліктерінен андрон қауымдастығының екі мәдениетінің, яғни нұра-федоров, атасу-алакөл мәдениеттерінің аралас белгілері байқалады. Қорым б.з.б. 14 ғ-дан қалған деп есептеледі.

Сілтемелер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұркен-1 қорымы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}