Нұржан Сәлкенұлы Сұбханбердин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сұбханбердин Нұржан Сәлкенұлы - «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

  • 1965 ж. 29 қарашада Алматы қаласы туған.
  • 1989 ж. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ді бітірген, саяси экономия.
  • 1989-90 жж. - ҚазКСР ҒА Экономика институтының аспиранты.
  • 1990-91 жж. - «Медеу-банк» коммерциялық банкінің бөлім бастығы.
  • 1991-93 жж. - «Қазкоммерцбанк» ААҚ Басқарма төрағасының 1-ші орынбасары.
  • 1993-2002 жж. - «Қазкоммерцбанк» ААҚ Басқарма төрағасы.
  • 2002 жылдан - «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

«Меншікті мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің экономикалық негіздері және саясаты» кітабының қос авторы (1993). «ҚұсЖолы» Қайырымдылық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі (2003). Давостық Бүкіләлемдік экономикалық Форум 2001 ж. оған Global Leader Tomorrow атағын беріп, XXI ғасырдың 100 анағұрлым болашағы зор жас көшбасшылары қатарында атады. «Құрмет» орденімен марапатталған.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>

Жанұясы

Әкесі - Сәлкен Сұбханбердин (1914-1986), жазушы, фармацевтикалық ғылымдардың кандидаты, Қазақ бас дәріхана басқармасының бастығы болып жүмыс істеген.Үйленген. Ұлы және 5 қызы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub