Нұра-есіл каналы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұра-есіл каналы – Ақмола обл. Целиноград ауд-ндағы су жүйесі. Астана қ-н және Целиноград ауд. аумағындағы а. ш. кәсіпорындары мен егістіктерін сумен қамтамасыз етуге байланысты 1974 ж. салынған. Нұра өз-нен Есіл өз-не Преображен а. маңында бөгет салынып, ол суды өз бетімен каналға құйылуын қамтамасыз етеді. Ұз. 25 км, секундына 13,4 м 3 су өткізе алады. Қызылжар а-нан төменде 3 км жерде Нұра өз-нен бөлініп шығып, Астана қ-ның оңт. шетіндегі Тельман елді мекені маңында Есіл өз-не құяды. Су имаратына Нұра өз-не салынған су көтеру гидроторабы, 1- сорғыш және сүзгі стансалар жатады. Қазіргі кезде Қарағанды–Теміртау өнеркәсіптік ауданның ақаба сулары (сынап, т.б. зиянды улы құраушылары бар) Нұра өз-н ластаған. Осыған байланысты Нұра өзнін тех. тазартудан өткізбесе пайдалануға болмайды. Астана қ-нан тапшы сумен қамтамасыз етуге қосымша жер асты, қайтарма суды, тастанды ақаба суларын пайдалануды ұлғайту қажет болып отыр. Қазір Н.-Е. к. Целиноград ауд-ның 2,7 мың га жерін суғарады және суландырады.


Дереккөздер

АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5