Нұралы Пақытұлы Әліп

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Әліп Нұралы Пақтұлы (1999 жыл 22 желтоқсанда туған<ref name="transfermarkt">Тransfermarkt.com</ref>, Ақтау, Қазақстан) — қазақ футболшысы, "Зенит" клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық

"Каспий" футбол клубының түлегі. 2015 жылы "Қайрат" клубының жастар командасына келіп қосылды.

2018 жылы наурызда алматылық клубтың негізгі құрамына қосылды. Алғашқы ойынын 11 наурыз күні "Қызылжар" клубына қарсы өткізіп, алаңда 90 минут бойы ойнады. Бұл ойында "Қайрат" 2:1 есебімен жеңіске жетті.

2020 жылы Қазақстан чемпионы атанды.

2022 жылы қаңтарда "Зенитке" жалға берілді.

Халықаралық

Қазақстанның 19 және 21 жастағы құрамаларында ойнады.

Ұлттық құрама сапында 2018 жылы 26 наурыз күні Болгариямен жолдастық ойында алаңға тұңғыш рет алаңға шықты. 90+2 минутта тыңнан ойынға қосылды. Бұл кезде сесеп 1:1 болатын, Нұралы ойынға араласып үлгермей жатып Болгария футболшылары гол соғып кетті. Қазақстан 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Жетістіктері

"Қайрат"
"Зенит"

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Сыртқы сілтемелер