Нүрила Кенжебекқызы Күшікова
Үлгі:Ғалым Нүрила Кенжебекқызы Күшікова (28 қаңтар 1951, Ақмола облысы Целиноград ауданы, Воздвиженка (Нұресіл) ауылы) — экономика ғылымының докторы (1993), профессор (1996). Халықаралық Еуразия экономикалық академиясының жəне Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.
Білімі
1972 жылы Новосибирск кеңестік кооперативтік сауда-саттық институтын, 1980 жылы Мəскеу басқару институтының аспирантурасын, 1993 жылы Мəскеу қаржы институтының докторантурасын бітірген.
Еңбек жолдары
1972-77 жылдары Қарағанды кооперативтік Орталық кеңес институтында оқытушы, 1981-90 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, 1994-96 жылдары кафедра меңгерушісі, проректор, 1996-99 жылдары ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі, 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бөлім бастығы, 2001-04 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, 2004-09 жылдары ҚР Парламент Мəжілісінде бөлім меңгерушісі, Мəжіліс Төрағасының кеңесшісі, 2010-11 жылдары Қазақ экономика, қаржы жəне халықаралық сауда университетінде проректор қызметтерін атқарды. 2011 жылдан Еуразия ұлттық университетінде профессор.
Еңбектері
"Нарықтық экономикаға өту жағдайында Қазақстан Республикасының қаржы-несие жүйесін реформалаудың макро-экономикалық аспектілері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты: мемлекеттің ақша-несие жəне қаржы саясаты мəселелері.
200-ден астам ғылыми еңбектің, 4 монография мен 6 кітаптың авторы.
Бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>