Нэля Лұқпанқызы Шапекова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Нэля Лұқпанқызы Шапекова — медицина ғылымының докторы (1998), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1960 жылы 24 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында туған.

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1983, қазіргі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті) бітірген.
1984-91 жылдары Тайпақ аудандық орталық ауруханада дәрігер-хирург, 1991-93 жылдары Ресей ҒА-ның Медициналық ғылыми орталық клиникасының ординатурасында ординатор, 1993-96 жылдары Алматы қаласындағы хирургия ғылыми орталығында аға ғылыми қызметкер, 1998-99 жылдары Ресейдегі Самара қаласындағы орталық клиникалық ауруханада аға ординатор-дәрігер, 1999-2004 жылдары Астана қаласындағы клиникаларды кеңесші-дәріер, 2005-09 жылдары Еуразия ұлттық университетінде аға оқытушы, деканның орынбасары қызметтерін атқарды. 2009 жылдан осы университетте декан, кафедра профессоры.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – медициналық биотехнология, медициналық география, спорттық медицина, медициналық-биологиялық бағыттар.
"Хирургическая тактика при сочетанных поражениях аорты и ее ветвей" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
120 ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 7 оқу құралы, 12 оқу-әдістемелік нұсқаудың авторы, 2 авторлық куәлігі бар.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер