Нығмет Баймұхамедов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нығмет Баймұхамедов<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>(1904-1969) Орал облысы, Жымпиты ауданы №1 ауылда туған. 1925-1927 жылдары Орал педагогика техникумында оқиды, кейінірек Қазақтың Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген. Ол ұзақ жылдар бойы Совет және кәсіподақ үйымында жұмыста болды. Содан кейін Абай атындағы Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Құрманғазы атындағы Өнер институтының әдеби редакторы болды. Алғашқы әдеби еңбегі — «Атыс» пьесасы (1937).<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8</ref>

Еңбегі

«Еңбек ері» (1939), «Әсия тастар» (1949), тағы басқа пьесалар жазды. Шекспирдің « Ромео —Джульеттасын», А.Чеховтың «Шие бағын», опера либреттоларын аударды. Оның аудармасы арқылы Абай атындағы Опера және балет театры сахнасында «Евгений Онегин», «Демон», «Қарғаның мәткесі», «Чио-Чио-Сан», «Даиси» және басқа опералар қойылды

  • «1941 — 1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін» медалімен марапатталған.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub