Нысанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нысанов, Нсанов, Батыс Елемес – мұнай-газконденсат кені. Бейнеу ауданында, Опорная стансасынан оңтүстік-шығыста 40 км жерде орналасқан. Кен 1987 ж. ашылған. Төменгі бор мен жоғарғы юраның мұнайлы көтерілімі ендікке жуық бағдарланған брахиантиклиналь. Табиғи сыйымдылықтың түріне қарай барлық иірімдер қабаттық, тектоникикалық қалқаланған, литологиялық шектелу элементтері байқалатын болып қалыптасқан. Коллекторлары терригендік, саңылаулы. Мұнайлы иірімдерде жалпы тиімді қалыңдықтар 1 – 35 м-ге, мұнайға қаныққаны 1 – 20,2 м-ге дейін өзгеріп отырады. Иірімдердің биіктігі 1,6 – 32,5 м-ге дейін ауытқиды. Мұнайда еріген газ құрамында 55 – 85% метан, 5,4 – 14% этан, 1,9 – 7% пропан, 1,3 – 5,2% бутан, 2,6%-дай метанның жоғары гомологтары болады. Газ құрамында азот (1,75%), өте аз мөлшерде көмір қышқыл газы бар. Қабат сулары хлоркальций типті тұздық түрінде. Иірімдердің режимі мұнайда еріген газдың білінуімен серпімді суарынды. Кен пайдалануға 1996 ж. берілген.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нысанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}