Нотариат құрамы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нотариалдық қызметті жүзеге асыратындар:

  • қалаларда, ірі елді мекендерде ұйымдастырылатын мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жұмыс істейтін нотариустар. Мемлекеттік нотариалдық кеңселердің барлық нотариустары мемлекет қызметкерлері болып табылады және жалақыны бюджеттен алады;
  • жеке тәжірибемен айналысатын нотариустар; 
  • нотариалдық кеңсесі жоқ елді мекендердегі жергілікті атқарушы органдардың лауазым иелері (өсиетнама куәлігі, сенімхаттар, құжаттар көшірмелерін, олардан алынған үзінділерді куәландыру ісі);
  • Қазақстан Республикасының шетелде нотариалдық қызмет атқаратын консулдық мекемелеріндегі консулдар, заңнамада айкындалған өзге де адамдар.

Мемлекеттік нотариалдық кеңселерде — нотариалдық қызметті мемлекеттік нотариус атқарады, ал жеке меншік нотариалдық кеңселерде — лицензиясы бар нотариус немесе нотариустың орнында уақытша отырған адам атқарады. Нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензияны Әділет органдары береді. Нотариалдық қызметті жүзеге асыруда жеке және мемлекеттік нотариустардың құқықтары мен міндеттері бірдей (тең). Олар толтырған құжаттардың заңдық күші де бірдей.<ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}