Ниязбеков Рафаэль

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ниязбеков Рафаэль1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген. 1961 жылы орта мектепті бітірген соң, Талас аудандық "Ленин жолы" газетіне қызметке тұрған. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. 1967 жылы Қазақ радиосы әдебиет редакциясында қызметке орналасқан. 1971-1977 жылдары "Жұлдыз" журналында, 1977-1991 жылдары "Жазушы" баспасында редактор болып істеген. 1972 жылы сыншылардың Бүкілодақтық кеңесіне қатысқан.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері. Чечен Республикасы Жоғарғы Мемлекеттік "Ұлт намысы" орденінің иегері. Чеченстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Б.Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бірінші жүлдегері.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}