Нина Сергеевна Смирнова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нина Сергеевна Смирнова(29 маусым 1908, Ульянов облысы Дмитровград қаласы – 5 ақпан 1978, Алматы) — әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (1951), профессор (1953), Қазақстан ҒА академигі (1956).
Өмірбаяны
- ММУ-ды (1929), оның аспирантурасын (1939) бітірген.
- 1939 жылдан ҚазПИ-де (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті) оқытушы, кафедра меңгерушісі
- 1945 жылдан Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды.
Ғылыми еңбектері
Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ фольклортану ғылымы мәселелеріне:
- қазақтың ауызша тараған поэтикалық шығармаларының тарихи даму жолдары
- эпос
- айтыс
- қазақ ауыз әдебиетінің басқа жанрлары
- фольклор
- жазба әдебиеттің байланысы мәселелеріне
- қазақ фольклортану тарихына, т.б. арналған.
Шығармалары
- “Қазақ әдебиетінің тарихы” (1-т., 1968)
- “Қазақ фольклористикасы” (1972), т.б. еңбектерді шығаруға атсалысқан.
- М.Әуезовпен бірге эпикалық туындылардың (“Қамбар батыр”, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, “Алпамыс батыр”, “Қыз Жібек”) ғылыми басылымдарына басшылық жасаған.
- Жамбыл шығармалары туралы зерттеу еңбегін, Қазақстандағы орыс мектептері үшін қазақ әдебиеті оқулықтарын (М.Сильченкомен бірге, 1970)
- қазақ ауыз әдебиеті жөнінде бағдарламалар, ауыз әдебиетін жинау жөнінде әдіснамалық нұсқаулар жазған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
- Очерки казахской литературы XVІІІ века, А., 1951;
- Казахская народная поэзия, 1967.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}