Нина Игнатьевна Чернова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Чернова Нина Игнатьевна (1927 жылы туған, Ленинград қаласы) – соғыс ардагері, байланысшы. 4 айлық байланысшылар курсын бітірген (1944). 1944 – 49 ж. Үштөбе, Аягөз станциясында, Талдықорған облысы телеграфия станциясында жұмыс істеді, 1950 – 72 ж. Шығыс Қазақстанда шахтерлер кентінде қоймашы, мектепте шаруашылық меңгерушісі, «Огни Прииртышья» газетінің тілшісі, 2001 – 98 ж. МАЭК-те, «Местное время» газетінде қызмет еткен. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Майдангер» белгісімен марапатталған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref>
Дереккөздер
<references/>