Николай Федорович Костылецкий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Николай Федорович Костылецкий (1818, Павлодар облысы Өрлітөбе ауданы1869) – шығыстанушы, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Қазан университетінің шығыс факультетін бітірген. Ол Омбы кадет корпусында орыс әдебиетінен сабақ берген; Ш.Ш.Уәлихановтың мұғалімдерінің бірі әрі досы. Костылецкий қазақ халқының поэзиясына қатысты материалдарды, соның ішінде өзінің шәкірті Уәлихановтан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының бірнеше үлгісін жазып алып, жақын досы И.Н.Березинге табыс еткен. Ол қазақ ауыз әдебиеті мен қазақ халқының ұлттық ойындарына қатысты мағлұматтар жинаумен де шұғылданды. Костылецкий Абайдың інісі Халиолла Өскенбаев, сазгер Мұстафа Бүркітбаев (Баянауылдан) Сәдуақас Анаев (Көкшетау округінен), Ханғожин (Аягөзден), т.б. шәкірттерінің көмегімен қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің мол қорын жинады. Костылецкийге шәкірттері жазған хаттары, олардың салған этнографиялық материалдары Ресей ҒА Шығыстану институтының Березин қорында сақтаулы.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Николай Федорович Костылецкий|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}