Николай Михайлович Петров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Николай Михайлович Петров (1935-2004, Ресей). КСРО жер қойнауын барлау үздігі. Грозный мұнай институтын бітірген (1958). Жетібай кен орнын тұңғыш ашушы (1961). 1958- 1997 жылдары - «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресі Жетібай мұнай-газ барлау экспедициясында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бурғылау шебері, учаске инженері, аға инженер, өндіріс-техника бөлімінің бастығы, бас инженер.

1961 жылғы 6 шілдеде Жетібай кен барлау алаңында Н.Петровтың бригадасы бұрғылаған №6 ұңғыдан қуатты мұнай бұрғағы атқылап, ол Маңғыстаудағы ірі мұнай өнеркәсібіне жол ашты. «Құрмет Белгісі» орденімен және Қазақ КСР- інің жоғарғы кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}