Николай Карпович Ившин
Ившин Николай Карпович <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (18.12.1921 жылы туған, Ресей, Алтай республикасы, Курья вуд. Новофирцево селосы – 1993, Алматы қаласы) – геология-минералдық ғылыми докторы (1964), профессор (1969). Томск университеттін (1945) және аспирантурасын (1949) бітірген.
Қазақстан ғылым академиясының геология ғылымдар институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1950–52), ал 1952 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) оқытушы, лаборатория меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер болды. Оның негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның стратиграфиясы мен трилобиттер фаунасын зерттеуге арналған. Орталық Қазақстандағы кембрий кезеңінің жыныстарын 16 биостратиграфиялық қабатқа жіктеп, оны теориялық тұрғыдан негіздеді. Трилобиттердің осы кезге дейінгі ғылымға белгісіз жаңа 50 туысын, 120 түрін анықтады.
Қазақ КСР-і мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1982).
Сілтемелер
<references/>