Николай Васильевич Грезнев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Николай Васильевич Грезнев 1950 жылы 7 қыркүйекте РКФСР Тамбов облысы Мичурин ауданының Ново-Тарбеево ауылында туған. Орыс.
- Әкесі - Грезнев Василий Иванович, қайтыс болған. Анасы - Грезнева Наталья Ульяновна, қайтыс болған.
- Өскемен құрылыс-жол институтының механикапық факультетін бітірген (1978), инженер-механик.
- 30 өнертапқыштық ұсыныстардың авторы.
- КОКП мүшесі (1980-1991). 1978 жылдан - Өскемен арматура зауытында инженер-конструктор, бас технолог, бас инженердің орынбасары, партком хатшысы, бас инженер, бас директордың коммерция бойынша орынбасары. 2003 жылдан бері - «Өскемен арматура зауыты» АҚ басқармасының төрағасы. Өскемен қаласының Октябрь аудандық кеңесінің депутаты (1984-1986). Өскемен арматура зауытындағы Жас мамандар кеңесінің төрағасы (1978-1983).
- Әскери атағы - капитан. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
- Үйленген. Жұбайы - Грезнева Любовь Ивановна, Үлбі метаплургия зауытында инженер. Қыздары - Вера, Наталья. Немересі - Ярослав.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<References/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}