Николай Александрович Пономарев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Николай Александрович Пономарев <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9-том, 640 б. Алматы - 1976ж.</ref> - Социалистік Еңбек Ері (1971), Қазақстан партия, совет қызметкері. 10 қазан 1929 жылы Қостанай қаласында туған.
Еңбек жолы
- 1955 жылдан КОКП мүшесі.
- 1951-1963 жылдары - Қостанай облысы "Федоровский", "Кеңарал", "Владимировский" совхоздарында агроном, совхоз директоры.
- 1963-1971 жылдары - Қостанай облысы партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Комсомол аудандық (қазіргі Қарабалық ауданы) партия комитетінің 1-секретары.
- 1971 жылдан Қостанай облыстық Советі атқару комитетінің председателі.
Жетістігі
- 1971 жылдан КОКП ОК мүшелігіне кандидат, Қазақстан КП ОК мүшесі.
- 7-ші сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды.
Наградалары
- 2 мәрте Ленин ордені
- 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені
- Социалистік Еңбек Ері (1971)
- Медальдар
Дереккөздер
<references/>