Никодим Иванович Васькин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Никодим Иванович Васькин (1910-1972), тау-кен инженері. Донецк индустриалдық институтын бітірген (1937). Ұлы Отан соғысы жылдары Қарағанды бассейніне жіберілді, бірнеше шахтаны басқарады. Соғыстан кейін Киров атындағы шахта директоры, «Ленинкөмір» тресінің басқарушысы. 1959-1965 жылдары «Қарағандыкөмір» комбинатының бастығы. 1966—1970 жылы Қаз КСР көмір өнеркәсібі басқармасы бастығының 1-орынбасары, 1970 жылдан «Қарағандыкөмір» комбинаты бастығының орынбасары. Ленин, Октябрь революциясы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. «Шахтер даңкы» белгісінің толық иегері. Қарағанды қаласының құрметті азаматы.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}