Никифор Еремеевич Леонов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Никифор Еремеевич Леонов (1925-1989), шахтер. Социалистік Еңбек Ері (1957). Еңбек жолын 1943 ж. «Қарағандыкөмір» комбинатына қарасты «Ленинкөмір» тресінің №49 шахтасыңла тіреуші болып бастады. 1949 жылдан «Саранкөмір» тресінің №106 шахтасында (қазіргі «Саран») кен өндіру учаскесінің бригадирі. 5-бесжылдық (1951-55) жоспарды орындауда жоғары өндірістік көрсеткішке жетті. ҚОКП 22-съезінің, Қазақстан Компартиясы 8-9-съездерінің, КСРО кәсіподақтары 12-съезінің делегаты. Ленин орденімен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}