Низам әл-Мүлік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Nizam al-Mulk Mashhad.jpg
Низам әл-Мүліктің Машхадтағы ескерткіші

Низам әл-Мүлік, Әбу Әли әл-Хасан ибн Әли ибн Исхак ат-Туси (Қазан, 1017/18, Хорасан, Тус қаласы – 14.10.1092, Нехавенд маңы) – орта ғасырдағы саяси қайраткер, ғалым. Салжұқ мемлекетінде 1063 жылдан Алп Арсланның, 1072 жылдан Мәлік шахтың уәзірі болған. Бір орталыққа бағындырылған күшті өкіметті жақтаған Низам әл-Мүлік “елде тәртіп орнатушы” атанды. Низам әл-Мүлік Бағдадта діни-заң мектебін ашты. Ол өз көзқарасын “Сиясет-наме” (басқа атауы “Сират ал-мулук”) атты 51 тараудан тұратын еңбегінде баяндаған. Мұнда 11 ғасырдағы Орталық Азия тарихына қатысты маңызды мәліметтер кездеседі. Шығарма парсы, француз, орыс, неміс, ағылшын тілдеріне аударылып, бірнеше рет жарық көрген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім</ref>

Шығармалары

  • Сиасет-намэ. Книга о правлении везира 11 столетия Низам аль-Мулька, М.–Л., 1949;
  • Источники и история народов Узбекистана древние и средневековье, Таш., 1991.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Низам әл-Мүлік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}