Несториандар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Museum für Indische Kunst Dahlem Berlin Mai 2006 061.jpg
Несториан уағыздаушылары


(Nestorian), Нестория көзқарасының әсерінен Кіші Азия мен Сирияда V ғасырда пайда болған христиан сектасы. Несториандар Христостың адами және құдайлық мәнін бір-біріне тәуелсіз екі бөлім деп санады. Персияны арабтар басып алған соң, араб мәдениетінің қалыптасуында несториандық ғалымдары ерекше рөл атқарған; несторияндықтар Үндістанға, Қытайға, Мысырға және Орта Азияға тараған, оны бүтін бір тайпа қабылдаған. Қазіргі уақытта несториандар шығыстық немесе Персия шіркеулері деп беріледі, Батыста әдетте Ассирияның немесе Несториандық шіркеу делінеді. Оның көптеген мүшелерінің жалпы саны — 200 000-дай, олар Иракта, Сирияда және Иранда өмір сүреді.


Тағы да қараңыз


Сілтемелер