Несиелік одақтар мен несиелік серіктестіктер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Несиелік одақтар мен несиелік серіктестіктер

Несиелік серіктестік — өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме.

Несиелік серіктестіктердің жарғылық капиталы пай қосу және міндетті кіру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер мүшеліктен шығып қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелік серіктестіктердің мүшелеріне кооперативтер, жалгерлік кәсіпорындар, банктер, шағын және орта бизнес, жеке тұлғалар кіреді. Несиелік серіктестіктердің басты пассив операцияларына — салымдарды тарту және займдарды орналастыру; актив операцияларына — ссудалық, комиссиондық, сауда-делдалдық операциялары жатады.

Несиелік серіктестіктің бір түріне — ауыл шаруашылығы несиелік қоғамдары жатады. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және мамандандырылған банктер, үкімет құрылымдары, жеке және заңды тұлғалар бола алады. Олардың басты қызметі — ауыл шаруашылығына несие-есеп айырысу қызметін көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым, тыңайтқыш сатып алу шығындарын және өзге де жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығы несиелік серіктестіктерінің клиенттеріне шаруа қожалықтары, фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсіпорындары жатады. Негізгі операциялары: қысқа және орта мерзімге ссудалар беру және салымдар қабылдау, делдалдық қызмет. Ауыл шаруашылық несиелік серіктестіктерді ұйымдастырудың басты ерекшелігі — олардың қызметінің бірқатар салық жеңілдіктеріне ие болуы, атап айтсақ табыс салығынан босауы, сондай-ақ оған үлес қосушыларға да салықтық жеңілдіктер болады.

Несиелік одақтар — бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.

Олар екі негізгі типте болуы мүмкін: 1) қысқа мерзімді тұтыну несиесін беру мақсатында кәсіби немесе аумақтық белгілеріне қарай жеке тұлғалар тобымен ұйымдастырылған; 2) еркімен қосылған дербес несиелік серіктестік түрінде, мысалы ссуда жинақ серіктестіктері, өзара несие қоғамдары, кооперативтер және т.б.

Несиелік одақтардың капиталдары олардың мүшелерінің қосатын үлесінен және пайларды төлеу, сондай-ақ займдарды шығару жолымен қалыптасады. Негізгі операцияларына мыналар жатады: салымдарды тарту және займдарды шығару; өзінің мүшелеріне қамтамасыз етілген ссудалар беру, вексельдерді есепке алу; сауда-делдалдық және комиссиондық операциялар; кеңес беру және өз мүшелеріне аудиторлық қызмет көрсету.

Өзара несие қоғамдары — шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін коммерциялық банктерге қызметінің сипаты жағынан ұқсас келетін несиелік мекемелер.

Бұл қоғамдар Қазан теңкерісіне дейінгі Ресейде, соның ішінде Қазақстан аумағында жеке өнеркәсіпшілер мен саудагерлерге несие-есеп айырысу қызметін көрсеткен. Өзара несие қоғамдарының қатысушыларына заңды және жеке тұлғалар жатады. Оның капиталы оған қатысушылардың қосқан жарналарынан қалыптасады.

«Несиелік серіктестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, несиелік серіктестік — бұл оның қатысушыларының босақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерікті түрде бірігуінің нәтижесінде құрылған, банк болып табылмайтын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Несиелік серіктестіктердің мынадай түрлері болады:

  1. несиелік-депозиттік серіктестік — заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау мүмкіндігі бар мекеме.
  2. ауыл несиелік серіктестігі — өзара несие беру үшін, оның қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен ерікті түрде жеке және заңды тұлғалардың өзара бірігуінің нәтижесінде құрылған, банктің жекелеген операцияларының түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.
  3. несиелік серіктестік — коммерциялық ұйым.

Несиелік серіктестік және ауыл несиелік серіктестігі Қазақстан Республикасы заңдылықтарындағы ерекшеліктеріне сәйкес мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады:

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}