Немістер қоғамы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
НЕМІСТЕР ҚОҒАМЫ – облысығы немістер диаспорасының қауымдастығы. 1989 ж. құрылған. Президенті – Е.В. Шефер. Ұйымның басты мақсаты – немістердің ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрлерін, тілін өркендету және неміс тұрғындарына әлеум. көмек көрсетуді ұйымдастыру. Тараз қ-нда Н. қ-ның атсалысуымен неміс мәдениеті орт-ғы. неміс жастары клубы, кәсіпкер немістер клубы, неміс кітапханасы ашылды. Н. қ. неміс жастарын Германияда оқытуды көздейтін «Графис» бағдарламасын жүзеге асыруға белсене атсалысады. Облысы және Тараз қ. көлемінде өткізілетін мәдени іс-шараларға қызу араласады.