Некробиоз
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Некробиоз - өлім алдында торшаларда туындайтын, қайтып қалыпқа келмейтін физиологиялық және патологиялық өзгерістер некробиоз зат алмасудың бұзылуымен байланысты. Оның нәтижесінде торшаларда май, тағы басқа өзгерістер туындайды. Некробиоз тән өзгерістер: ядро кариопикнезі, (кіржиуі), оның бөлшектенуі, (кариорексис), еруі, (кариолизис), цитоплазманың тұтқырлығы, тіршілікте боялу қабілетінің өзгеруі, ферментативтік жүйенің бұзылуы.
<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>
Дереккөздер
<references/>