Некенің тоқтауы және бұзылуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Некенің бұзылуы - отбасы өміріне ғана емес, қоғам өміріне де кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет.


Көптеген мұсылман елдерінде әлі күнге дейін некені бұзуға тыйым салынған. Қазақ халқының дәстүрінде отбасын, некені сақтап қалуға арналған салттар аз болмағанын білеміз. Мысалы, құда түсу арқылы қыз алу, әмеңгерлік, т.б. салттар болашақ отбасының берік болуына ата-аналарының да мүдделі екендігін білдірген.

Қысқаша шолу

Әр отбасының ажырасу тарихы, себебі алуан қилы. Әлеуметтанушы ғалымдар ажырасуға әкеліп соғатын үш түрлі себептерді көрсетеді. Алайда әр отбасында оның себептері әр түрлі болуы мүмкін:Үлгі:Start citation

  • - Тұрмыс Жағдайының ауыртпалылығы (материалдық қажеттіліктер, тұрғын үй қиыншылығы. т.б.);
  • - Тұлғааралық келіспеушіліктер (өзара сүйіспеншілікті жоғалту, дөрекілік, маскүнемдікке салыну);
  • - Ішкі жағдайлар (жаңа отбасының пайда болуы, жаңа сезімдердің пайда болуы).Үлгі:End citation

Заң тұрғысынан алғанда, некенің бұзылуы дегеніміз - жұбайлардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастардың тоқтатылуы. Бұл ерлі-зайыптылардың араындағы құқықтық қарым-қатынастардың тоқталғанын білдіреді. Некені тоқтату мынадай жағдайларда жүргізіледі. Үлгі:Start citation

  1. Жұбайлардың біреуінің қайтыс болуына байланысты.
  2. Жұбайлардың біреуін сот тәртібімен хабар-ошарсыз кетті деп танығанда.

Үлгі:End citation

Некені сот тәртібімен бұзу

Ерлі-зайыптылардың: Үлгі:Start citation

  1. Кәмелеттік жасқа толмаған ортақ балалары болса;
  2. Жұбайлардың біреуі некені бұзуға келісім бермесе;
  3. Ерлі зайыптылардың біреуі некені бұзуға қарсы болмаса, бірақ өз әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы некені бұзудан жалтарса,Үлгі:End citation

неке сот тәртібімен бұзылады.

Некенің жарамсыздығы

Некенің жарамсыздығы дегеніміз - некеге тұрғаннан бастап пайда болған барлық құқықтық салдарды жою. Некенің күшін жоюдың мәнісі мұндай неке бұрын-сонды болмаған деп танылады, ешкімге құқықтар мен міндеттер жүктелінбейді. Мысалы, бірлесіп тапқан мүлік тепе-тең мөлшерде бөлінбейді, алимент алу немесе талап ету құқығы жойылады:Үлгі:Start citation

  • - некеге тұрушы ер адаммен әйелдің өзара еркі келісім нәтижесінде құрылмаса;
  • - заңда көрсетілген неке жасына толмаған болса;
  • - неке, араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар арасында жасалса;
  • - некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен отбасы мүшелеріне , жеке басына, қоғамға қауіпті ауруын жасырып келсе, Үлгі:End citation

неке сот тәртібімен жарамсыз деп танылады.<ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Заң