Нейроглия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нейроглия (neuroglia, грек, neuron — нейроцит, жүйке клеткасы, glia — желім) — жүйке ұлпасының құрамына кіретін жасушалық құрылым. Нейроглия жасушаларын глиоциттер деп атайды. Нейроглия өз кезегінде: макроглия және микроглия болып екі топқа бөлінеді. Макроглиялар эктодермадан дамиды және олар: эпендимоциттер, астроциттер және олигодендроциттер болып үш топқа бөлінеді. Эпендимоциттер ми қарыншалары мен жұлынның орталық өзегінің қабырғаларын астарлайды. Астроциттер ми және жұлынның құрамына кіреді. Олар өз кезегінде протоплазмалық және талшықты астроциттерге бөлінеді. Олигодендроциттер орталық және шеткі жүйке жүйесінде орналасқан нейроциттердің денесін қоршап қаптап, нейроглиялық қабықшалар түзеді. Микроглия — жүйке жүйесі мүшелеріне өтетін моноциттерден жетілетін глиальдық макрофагтар. Ол қорғаныс қызметін атқарады. Нейроглия жүйке жүйесі мүшелеріндегі нейроциттер элементтері үшін қоректік (трофикалық), тіректік, қорғаныс, секреторлық, шекаралық қызметтер атқарады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нейроглия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

en:Glial cell he:תאי גליה