Нейпьидо
Үлгі:Елді мекен Нейпьидо (Үлгі:Lang-my; MLCTS: ne.prany. dau mrui. — сөзбе-сөз «корольдік ел») — Мьянма елордасы. Елдің бұрынғы астанасы Янгон қаласынан солтүстікке қарай 320 км қашықтықта орналасқан. Мандалай округіндегі Пьинмана қаласынан батысқа қарай 17 шықырым қашықтықта орналасқан Чепьи ауылының орнына салынды.
Елорда Янгон қаласынан Нейпьидо қаласына 2005 жылдың 6 қарашасында көшірілді.
Тарихы
2005 жылғы 7 қарашасынан бастап Мьянманың әскери үкіметі Янгон қаласынан министрліктер мен ведомстволарды көшіру процессін бастады. Елорда көшіруінің нақты уақыты астрологиялық түсініктер бойынша таңғы сағат 6:36 таңдалды. 11 қараша күні 11 батальоннан және 11 министрліктен тұратын екінші қараушылы жасақ Янгон қаласын қалдырып, жаңа елордаға аттанды («Бангкок Пост» газетінің хабарлауы бойынша).<ref>Үлгі:Cite news</ref>
Елорда көшіруінің нақты себебі белгісіз. Бұған стратегиялық және ішкі саясат түсініктері, сонымен қатар Бирма тарихында жиі орын алған астрологтардың кеңестері себеп болуы мүмкін. Пьинмана елдің ортасында орналасқандықтан, қалаға теңіз жағынан шабуыл жасау қиынға соғады. Сонымен қатар әуе бомбалауы кезінде қала айналасында жер асты баспаналарды және бекіністерді жабдықтауға болады. Сондай-ақ Пьинмана ұлттық ел шеттеріне жақын орналасқан және елорданың осындай орналасуы бұл аумақтарды жақсырақ бақылауға мүмкіндік береді. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде Пьинмана генерал Аун Санның бекінген орталығы болған.
2006 жылдың 27 наурыз күні 12 000-нан астам солдат Бирманың әскері күніне (Бирманың 1945 жылғы жапон басқыншылығынан азат ету күні) арналған алғашқы әскери шеру өткізді. Бұл күні Нейпьидо елорда ретінде алғашқы рет ескертілді.<ref>Үлгі:Cite news</ref>
2013 жылдың желтоқсанында қалада 27-ші Оңтүстік-Шығыс Азия ойындары өтті.
Транспорты
Пойыз Янгоннан Нейпьидо қаласына дейін тоғыз сағат жүреді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2006 жылдың наурызында Air Mandalay әуекомпаниясы Янгон мен Нейпьидо қалаларының арасында ұшулар бастады. 2006 жылдың 5 маусымынан бастап Ситтве және Тандве қалаларына дейін тұрақты авиасапарлар ашылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
- Burma’s new capital name
- Burma’s new capital stages parade BBC News Online, 27 March 2006
- Off limit’s: Asia’s secret capital Citylife, Trisila Company Limited, Chiang Mai, June 2006
- Burma’s confusion over capital BBC News Online, 17 June 2006