Нақшбандийа тариқаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нақшбандийа тариқаты <ref>Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том</ref>(түрікше, некшбендия) – сопылық бауырластық. 15 ғасырда Иасауи мектебі негізінде қалыптасқан.

Тарихы

Негізін қалаған Баһау әд-Дин Нақшбанд. Олар өзінің рухани силсиласын бір жағынан Әбу Бәкрге, екінші жағынан Әли Әбу Талибке әкеп тірейді. Нақшбандийа тариқатының бұл шежіресі аз-захаб силсила (“алтын тізбек”) деп аталады да, Пайғамбармен рухани жағынан да, бауырластық жағынан да бірлікті танытады. 15 ғ-дан бастапНақшбандийа тариқаты бірте-бірте Каир мен Босниядан Ганьсу мен Суматраға дейін, Еділ бойы мен Солт. Кавказдан Үндістанның оңтүстігі мен Хиджазға дейінгі ұлан байтақ жерлерге ықпал еткен, ең көп тараған діни бауырластық болды. Нақшбандийа тариқатынан бірнеше қуатты үрім-бұтақтар тарап, кейін өз аймақтарында жеке бауырластықтарға айналды. Орта Азияда Ала әд-Дин Аттар (1400 ж .ө.) мен Қожа Мұхаммед Парса қожа (1345 – 1420) Нақшбандийа тариқатын біріктіру, оның ықпалын күшейту ісінде аса маңызды қызмет атқарды. Өзінің әлеум. негізі жағынан қалалық болып табылатын, сауда және кәсіпкерлік ұйымдармен тығыз байланысты бауырластық көшпелі түркі тайпаларына да ықпал ете бастады. Қожа Ахрардың тұсында Нақшбандийа тариқатының саяси және экон. ықпалы өзінің ең жоғ. шарықтау шегіне жетті. Оның ісін 1515 ж. бауырластық басшысы болған “ұлы билеуші” Ахмет Қасани қожа жалғастырып, Бұхараның діни ақсүйектері Шайбани әулеті мен Аштархан әулеті тұсында қуатты саяси билікке ие болды. Олардың ісін Джуйбар шейхтары (16 ғ-дың ортасы 17-дың аяғы) одан әрі жалғастырды. Бауырластық Мауераннахрда, сондай-ақ қырғыздар мен қазақтар арасында кең таралды. Нақшбандийа тариқаты 18 ғ-дан 20 ғ-дың 20-жылдарына дейін Орта Азия мен Еділ бойына жетті. Үндістан Нақшбандийа тариқатының алғашқы қауымын Кашмирде 16 ғ-дың ортасында Баба Уәли шейх ұйымдастырды. Бауырластықтың белсенді қызметі Делиде Нақшбандийа тариқаты ханакасының негізін салған Бакибиллах қожаның (1563 – 1603), әсіресе Ахмет Сирхинди Шейхтің (1564 – 1624) есімдерімен байланысты. Ахмет Сирхинди сопылыққа 1598 ж. Бакибиллахтың уағызымен келді де, он жыл өткен соң Нақшбандийа тариқатының жеке накшбандийа-муджаддидийа деген жеке тармағының негізін қалады. Абдоллах Симауи молда (1490 ж.ө.)Стамбұлда Нақшбандийа тариқаты теккесінің (бауырластық) негізін қалады. Оның орнына Бұхарадан шейх – Ахмет <ref>Болдырев А.Н., Еще раз к вопросу о Ходжа-Ахраре. Духовенство и политическая жизнь на Ближнем и Среднем Востоке в период феодализма, М., 1985.</ref> келіп, Анатолия мен Румелиде бауырластықты таратып, Стамбұлда (Фатих ауд-нда) өз теккесінің негізін қалады. Бұл ұйым 1925 ж. бауырластық тарағанша қызмет атқарды. 1630 ж. шамасында Йемен мен Хиджазға Нақшбандийа тариқаты – муджаддидтер келіп, оның мүшелері әрі қарай Мысырға жетті. Үнді бауырластықтарының екінші толқыны қожа Мұхаммед Масума (1669 ж. ө.) және оның шәкірті Мұхаммед Мұрат әл-Бұхаридің (1729 ж. ө.) қызметіне байланысты. Ол Хиджазда, Мысырда, Сирияда және Түркияда насихат жүргізді. Ол өлгеннен кейін Стамбұлда мурадия теккесінің ірге тасы қаланып, үнді тармағының орталығына айналды. Хұсайн-Баба Зукичтің күш салуымен бұл тармақ Боснияға жетті, ал Мұхаммед-Мұраттың Сирияда шыққан мирасқорлары Нақшбандийа тариқаты ықпалын Палестинаға жайып, онда бірнеше зауийа құрылды. Со-ның ішінде 17 ғ-дың басынан 1973 жылға дейін қызмет атқарған Иерусалимдегі зауийа-ий узбакийашілер де бар.

Нақшбандийа тариқатының таралуы

Муджаддидшілердің 19 ғ-дың басынан Иракқа, Сирияға <ref>Иванов П.П., Хозяйство Джуйбарских шейхов; К истории феодального землевладения в Средней Азии в XVІ – XVІ вв. М.–Л., 1954</ref> және Күрдістанға тарауы Сүлеймен әулетінен шыққан мәула Халид әл-Бағдадидің (1776 – 1827) қызметімен байланысты. Ол Үндістанға барып, Делиде Аддоллах шейхтің (1809) үйірмесіне қосылды. 1811 ж. отанына қайтып оралып, халидийа тармағын ұйымдастырды, бұл тармақ 19 ғ-да Түркияда, араб елдерінде және Күрдістанда бауырластықтың синониміне айналды. Бұл тармақтың улам арасындағы ықпалы зор болды. Нақшбандийа тариқатының бұл тармағы Хиджаз арқылы Индонезияға (1840), Малайзияға, Цейлонға,Калимантанға<ref>Петрушевский И.П., Ислам в Иране в VІІ – XV, Л., 1966; Демидов С.М., Суфизм в Туркмении, Ашх., 1978</ref>, Мозамбикке дейін жетті. Солтүстік Түркиядан Кавказға тарағанНақшбандийа тариқаты Шәміл бастаған қозғалысқа идеол. негіз болды.

Үлгі:İslam Naqşïbandïxlik (Naqşbandïya, Osmanlışa: Үлгі:Lang), Abdulhalq-ıl Güjdevani tarapınan sistemlengen, Muhammed Bahawddin Şah-ı Naqşïbandïniñ äkesi bolğan, İslam dini tariqatı.

"Naqış etken" mağnasına keletin Nakïband; Naqşïbandï mürşitterinin, jüregi dünïeden aqıretke baylanğan degen oy saldarınan osı atqa ïe bolğan.

Naqşïbandï tarïqatında ünsiz zikir etiledi.

Abdulhalq-ıl Güjdevanidiñ ortağa qoyğan on bir tarïqat princïbi

  1. Vukuf-ı Zamanî: Mürşidtiñ waqıtın öte paydalı ötkizwi.
  2. Vukuf-ı Adedî: Därisin ädebi jäne şın mağınası twralı oylanw kerektigi.
  3. Vukuf-ı Kalbî: Jüregti oyaw ustaw kerek.
  4. Hûş der-dem: Dem alıp-şığarğanda, ğaflette bolmaw..
  5. Nazar ber-kadem: Basqağa emes, özine qarawı tïis..
  6. Sefer der-vatan: Halıqtan ayrılıp Haq'qa ketwi.
  7. Halvet der-encümen: Halıq işinde bolsa da, halvet hali bolwı.
  8. Yâd kerd: Şeyhtiñ bergen zikiri, jürekpen jäne tilmen qaytalaw.
  9. Bâz geşt: Zikirmen Allah'qa qaytw, vuslât twralı oylaw.
  10. Nigah-daşt: Jürekti zïjandı oylardan qorğaw.
  11. Yâd-daşt: Masivanı[1] tastap, tek Allah twralı oylaw.

[1] Allah'tan basqa ärnärse jayında qoldanılatın termin. Dünïemen baylanıstı närseler.

Rabıta men Tevejjüh..

  • Rabıta: Rabıta arapşa "rabt" sözinen şıqqan, sözdikte 'birlestirmek, qosw, ilestirw jäne baylaw' mağınasına keledi. (Rabita'tul Qurra: Quran Hafızdarı Jämiyatı-Birlestigi)

Tasawufta müridtiñ, özin mürşidimen betpebet kelgen uqsatp odan metafizik jolımen küş alğanı nemese nurlanğanı degen söz.

  • Hatme: Muhammed payğambarğa(S.A.V) salawat aytıp jäne Payğambar ruhınıñ tüskenin jäne hatme jasağandarğa baylanısqa tüsetinine sengendikten jasalatın ğïbadat.
  • Täwejjüh: Täwejjüh, bağıttalw degen söz. Tasawuftıñ bir türi.
  • eskertw: Allah üşin jasalğan ärnärse - ibadat.

<ref>http://www.carnegieendowment.org/files/cp84_olcott_final2.pdf</ref>

Eskermeler

Үлгі:Reflist

Budan basqa qarañız

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нақшбандийа тариқаты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}