Нағым Мендіғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мендіғалиев Нағым (24.5.1921 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Новая Казанка кенті) - композитор, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1979). Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) фортепьяно класы бойынша (1952) және композиция класы бойынша (1959, Е.Г. Брусиловскийдің жетекшілігімен) бітірген. Алғашында Алматы музыкалық-хореографиялық комбинатында және Қазақ мемлекеттік қыздар институтында (1945 - 1948), ал 1948 жылдан Алматы консерваториясында педогогикалық қызметпен айналысады. Мендіғалиев фортепьяноға арналған көптеген концерттер мен миниатюралар, симфониялық поэмалар, сюиталар, 300-ден астам аспаптық пьесалар, әндер, романстар. спектакльдерге арнап музыка, т.б. жазды. Оның "Домбыра туралы аңыз" атты концерттік пьесасы (1965) қазақ фортепьянолық музыкасының ең танымал туындысына айналды. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1971, 1981) марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}