Нағима Әбенқызы Айтхожина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айтхожина Нағима Әбенқызы (22.2.1946 жылы туған, Петропавл) —ғалым, биология ғылымының докторы (1990), профессор (1994), ҚР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1995).

ҚазМУ-дың биология факультетін бітірген (1969). 1974—81 жылы Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, 1983—87 жылы Молекулалық биология және биохимия институтында жетекші ғылыми қызметкер, ал 1988 жылдан оның директоры, сонымен қатар ҚР ғылым академиясының биология және медицина ғылымдары бөлімінің академик-хатшысы (1996) қызметтерін атқарды. Айтхожинаның негізгі ғылыми жұмыстары жоғарғы организмдер геномының құрылымдық қызметі мен тұқым қуалаушылық ақпаратының молекулалық механизмдерін зерттеуге арналған. Қазақстанда алғаш рет “Ғарыштық биология және биотехнология” тақырыбын зерттеп, ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевқа биотехнология бойынша ғылыми тәжірибелердің бағдарламасын жасады. Айтхожина бірнеше халықаралық конгрестер мен симпозиумдарда (АҚШ, Германия, Израиль, Үндістан т.б.) ғылыми бағдарламалар жасады.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}