Нағима Замалеевна Хусаинова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Нағима Замалеевна Хусаинова (21 қазан 1911, Қазан - 17 қараша 1971, Алматы) — қазақстандық биолог, биология ғылымының докторы (1958), профессор (1959), 1945 жылдан КПСС мүшесі. Қазан мемлекеттік университетін бітірген (1932). Қазан гидрометеорологиялық техникумында оқытушы (1930-32), Қазан мемлекеттік университетінің ассистенті және аспиранты (1933-35). 1935-60 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің зоология кафедрасының доценті, кафедра меңгерушісі, декан профессоры. Гидробиология және ихтиология кафедрасының меңгерушісі (1961-71).

Еңбектері

Хусаинованың негізгі ғылыми еңбектері су шаяндарының, насекомдардың, моллюскілердің, балықтардың систематикасын, экологиясын, зоогеографиясын және тоғандарда су жәндіктерін жерсіндіру кезінде болатын биоценоздық өзгерістерді зерттеуге арналған. 70 - тен астам ғылыми еңбектері (2 монография) авторы.

Сыйлықтары

  • "Құрмет белгісі", Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Қолданылған әдебиет

  • Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 61 бет