Нахичевань Автономиялы Республикасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін

Сурет:Nakhicevan 1578.jpg
Нахичевань Автономиялы Республикасы

Нахичевань Автономиялы Республикасы, Нахичевань Мухтар Республикасы, Әзірбайжан Республикасының құрамында. 1924 жылы 9 ақпанда құрылған. Жер аумағы 5,5 мың км². Астанасы –Нахичевань қаласы, Халқы – 305,7 мың (2003), оның 95%-дан астамын Әзірбайжандар, қалған бөлігін орыстар, армяндар мен күрдтер құрайды. 4 қала мен 5 әкімшілік ауданға бөлінеді. Нахичевань Кавказ сыртқы қыратының оңтүстік-батыс бөлігіне (ең биік жері – Капутжух тауы – 3,904 м) орналасқан. Климаты тым континентті, қуаңшыл. Қаңтардағы орташа температурасы –3С-тан –14С-қа (тауларда), шілдеде 28С-тан 5С-қа дейін өзгереді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 600 мм аралығында. Пайдалы кен байлықтарынан молибден, полиметалл кентастары, тас тұз, құрылыс материалдары кездеседі. Алғашқы адамдар қазіргі Нахичевань аумағын неолит дәуірінен мекендей бастады. Б.з.б. 8 – 7 ғасырларда Мана және Мидия, б.з.б. 6 ғасырдан Ахеменилер, кейіннен Атропатен мемлекетінің құрамында болды. 3 ғасырда Нахичевань Автономиялы Республикасы аймағын Иран, 623 жылы Византия, 7 ғасырдың ортасында арабтар, 11 ғасырда салжұқтар бағындырды. 13 – 14 ғасырларда моңғолдар мен Ақсақ Темірдің шапқыншылықтарына душар болды. 16 – 17 ғасырларда Сефеви әулеті мемлекетінің құрамына кірді. 18 ғасырдың ортасында тәуелсіз Нахичевань хандығы орнады. 1828 жылы Түркменшай келісімі бойынша ол Ресейге қосылды. 1918 жылы маусымда Нахичеваньды түрік, қарашада ағылшын әскерлері басып алып, олардың қолдауымен муссаваттар “Аракс Республикасын” жариялады. 1920 жылы 28 шілдеде кеңес өкіметі орнады. 1923 жылы ақпанда Нахичевань автономиялық өлкесі, 1924 жылы Нахичевань АКСР-і болып жарияланды. Әзірбайжан тәуелсіздік алғаннан кейін, ол автономиялық республика болып қайта құрылды.

Экономикасы

Өнеркәсібінің негізін түсті металдар кентастарын, тас тұзын өндіру, машина жасау мен металл өңдеу, жеңіл (мақта тазалау, жібек тоқу), тамақ (шарап жасау, минералды сулар, консерві, т.б.), ағаш өңдеу кәсіпорындары құрайды. Ауыл шаруашылығында темекі, жүзім, бау-бақша мен жібек құртын өсіру, етті-сүтті ірі қара мен биязы жүнді қой өсіру басым. Суландыру жүйелері дамыған. Негізгі курорты – Бадамлы.

Әдебиеттер

Әзірбайжан, М., 1971; Географический энциклопедический словарь, М., 2003; Тюркские народы, А., 2004. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нахичевань Автономиялы Республикасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}