Наталья Игоревна Бессмертнова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Наталья Игоревна Бессмертнова (1941 жылы туған) 1976 жылдан КСРО Халық артисі. 1961 жылдан Үлкен театрдың жетекші бишісі. Өзінің дебютінде ол "Шопенианадағы жетекші вальсті биеп бірден көрерменді орындау мәнерімен таңғалдырды. Жизель партиясы балеринаға әлемдік құрметтеушілікті әкелді. Классикалық би техникасын керемет білуі, музыканы жақсы сезінуі, пластикалық айқындылығы, актерлік шеберлігі Жизель бейнесін романтикалық балетінің ең үздік дәстүрінде сомдауға мүмкіндік берді. Наталья Бессмертнованың репертуарында П.И.Чайковский балеттеріндегі барлық басты партиялар болды. Ол "Ұйқыдағы аруда" Флорина мен Аврораны, "Аққу көлінде" Одетта-Одиллияны, "Щелкунчикте" Машаны биледі. Кезінде М.Фокиннің К.Вебердің музыкасына қойған "Раушан гүлдің елесі" балетіндегі Қыз, "Бақшасарай фонтанындағы" Мария, "Ромео мен Джульеттадағы" Джулъетта, К.Дебюсси музыкасына қойылған миниатюрадағы Ундина партиялары романтикалық рухқа толы бейнелер болды.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Наталья Игоревна Бессмертнова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}