Наталья Викторовна Мирза
Үлгі:Ғалым Наталья Викторовна Мирза — педегогика ғылымының докторы (2010), профессор (2010), Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі (2010).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1975 жылы 17 қаңтарда Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында туған.
Қарағанды педагогикалық институтын (1995, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) бітірген. 1995-96 жылдары Қарағанды педагогикалық институтында оқытушы, 1996-2010 жылдары осы университетте оқытушы, стажер-зерттеуші, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарған.
2010 жылдан профессор.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Болашақ педагогтың кәсіби құзыретін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми бағыты – кәсіптік педагогика.
162 ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монография, 12 оқу құралы, 3 оқу-әдістемелік құралдың авторы.
Марапаттары
- Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2009).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2019);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (2017, 2018, 2019, 2020) және Қарағанды қаласы әкімдігінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары.