Нарғозы Тұрсынбайұлы Данаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Данаев Нарғозы Тұрсынбайұлы (3.9.1948 жылы туған, Жамбыл облысы Талас ауданы Майтөбе ауылы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1995), профессор (1998).

ҚР Инженер (2001) және Халықаралық инженер (2004) академиясының академигі ҚазМУ-ды (1972, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. КСРО Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесі есептеу орталығында стажер-зерттеуші (1972–74), сонда аспирант (1974–77), аға инженер (1977–82). ҚазМУ-дың аға оқытушысы, доценті (1982–95), ҚазМУ-дың жанындағы Математика және механика институтының директоры (1995–97, 2000 жылдан). ҚазМУ-да декан (1997–2000) болды. «Эффективные методы решения уравнений гидродинамики в сложных областях» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары есептеу математикасына, сондай-ақ сұйықтық, газ және плазма механикасына арналған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1994).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}