Нарынбай Жанкөбекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нарынбай Жанкөбекұлы (17 ғасыр бас кезі, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы – 18 ғасыр соңы, Ташкент қаласының маңы) – би, батыр, қоғам қайраткері. Нарынбай халыққа өте беделді, от ауызды, орақ тілді, шешен болған. Тәуке хан тұсында сыртқы жауға қарсы шайқаста ерлігімен көзге түскен. Осы батырлығы үшін сол кездері Қазақ хандығына қараған Ташкенттің он екі қақпасының біріне бек болып тағайындалған. Ел-жұртына қамқор, жетім-жесірге жанашыр би халық арасында “Нар дауысты Нарынбай би” атанған. Соңғы уақытқа дейін Ташкентте “”Нарынбай қақпасы" сақталғандығы айтылады. Ел аузында Нарынбай туралы “Құраманы ел қылған, Қақты жерді көл қылған. Жақынындай бөгдені, Баласымен тең қылған” деген сөз сақталған. Нарынбайдың ұлы Қу дауысты Құттыбай би Тәуке ханның билер кеңесінің құрамына еніп, мемлекет басқару ісіне араласқан, Қытайға барған тұңғыш қазақ елшілерінің бірі. Оның баласы Байқара би, одан кейін Ақтайлақ би қазақ тарихындағы белгілі тұлғалар болса, одан әрі КеңесбайЖарқынбайЖұмахан билер кеңес заманына дейін билік құрған. Нарынбай бастаған билер әулетінің қазақ тарихындағы орнын Мұстафа Тынышбаев жоғары бағалаған, қазақ ақыны Дулат Бабатайұлы жырға қосқан. Әдебиеттер: Тынышбаев М., Материалы к истории Киргиз-казахского народа, Ташкент, 1925; Хасенов Ә., Қазақ халқының бес мың жылдық баяны, Алматы, 1998 жылы; Атасы асыл сөздің Ақтайлақ би,Алматы, 1999; Бабатайұлы Д., Шығармалары мен тағылымы, Алматы, 2003 . <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нарынбай Жанкөбекұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}