Назофарингит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox disease Назофарингит (ринофарингит, риновирусты инфекция, немесе риноназофарингит, эпифарингит<ref>Үлгі:Cite book</ref>, күнделікті өмірде: тұмау) — жоғарғы тыныс жолдарыныӊ шырышты қабығыныӊ талаурап қабынуы, себебі болып көбіне аӊқаныӊ бактериалды немесе вирусты инфекциялық қабынуы болып табылады<ref name="БСЭ_катар">БСЭ: Катар (мед.) — 1969—1978.</ref>. Сонымен қатар бұл ауру – сырқатқа асқынған және инфекциялық ринит, ринореяны жатыстырады). Көп мемлекеттерде ОРВИ еӊ кеӊ таралған инфекциялық ауру болып табылады. Жылына орта есеппен ересек адамдар 2—3 рет, балалар 6—10 рет ауырады<ref>What а Common Cold Is</ref>.

Этиологиясы

Назофарингит, жоғарыда айтылғандай, көбіне вирусты немесе бактериалды этиологияда болады. Созылмалы назофарингиттың қоздырғыштары әдетте бактериалды, кейде грибок инфекциясы болып табылады. Дегенмен бастапқы себебі әрқашанда вирусты инфекция болады.

Инфекциялық қоздырғыштары болып көбіне риновирустар, бактериялардан — стрептококктар, стафилококктар, диплококктар (оныӊ ішінде менингококктар), пневмококктар және басқа да микрофлора болып табылады. Бұлардыӊ бәрі қалыпты жағдайда аӊқада қауіпсіз патогенді емес формада кездеседі.

Созылмалы назофарингиттің негізгі себептері толық емделмеген назофарингит, аңқаның құрылысыныӊ жеке аномалды ерекшеліктері, жиі тоңу, жүректіӊ, бауырдыӊ, бүйректіӊ аурулары, инфекциялар, шаң мен газдардыӊ әсері, алкоголь және темекі шегу болып табылады.

Белгілері мен симптомдары

Сурет:Illu conducting passages rus.svg
Адам ағзасыныӊ тыныс жолдары

Әдетте назофарингит дене қызуынан (37,5°С—38,0°С) басталады. Сонымен қоса, бас аурумен, тамақтың жыбырлауымен, жұтынғанда ауырғанымен, мұрын бітуімен, мұрынмен тыныс алуының қиындауымен сипатталады<ref>Нисевич Н. И., Учайкин В. Ф., Инфекционные болезни у детей, 1-е изд,М., Медицина, 1990, 624 бет, Учебная литература для студентов медицинских институтов,sbn 5-225-01635-9,тираж 30&</ref>. Жалпы аңқада жайсыздық, құрғақтық, жегідей жеу, мазалап, кейде желке тартып, құлақ шулап, есту қабылеті төмендейді. Сонымен бірге әлсіздік, адинамия, бозарыңқылық, тамақтың қызаруы мен ісінуі және аңқаның артқы қабырғасында өңездің жиналуымен сипатталады.

Кейде ересек адамдарда назофарингит қызусыз өтеді. Балаларда қызу реакциясы өте қатты айқындалады.<ref>Үлгі:Cite journal</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер