Назгүл Тұрсынбайқызы Шыңғысова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Назгүл Тұрсынбайқызы Шыңғысова — филология ғылымының докторы (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1971 жылы 14 қазанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ұзынбұлақ ауылында туған.

Қазақ ұлттық университетін (1994) бітірген. 1999 жылдан Қазақ ұлттық университетінде педагогикалық-ғылыми жұмыспен айналысады.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – журналистика. Өңірлік мерзімді баспасөздің қалыптасу және даму бағыттарын кешенді зерттеу мен жүйелеу, қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлін анықтау.
"Өңірлік мерзімді баспасөздің даму тендециялары (қазақ тілді жарияланымдар бойынша)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
1 монография, 2 оқу құралының авторы. 3 томдық "Қазақ журналистикасының" 2-томын құрастырушы авторлардың бірі.

Марапаттары

Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2011).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер