Мөлдір тастілім

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мөлдір тастілім - таужыныстардың, минералдардың, қазба көмірлердің құрылыс және құрам ерекшеліктерін микроскоп арқылы зерттеу мақсатында олардың үлгілерінен алынатын өте жұқа тілінді. Мөлдір тастілімді дайындау үшін зерттелмек нысаннан алынған шағын таскертпенің алдын ала жалтыратып өңделген бір жақ жазықтығы байырғы шыны тақташасына жапсырылады да, оның екінші жағы мұқалмас материалдардан дайындалған айналмалы қайрақпен әбден жұқарып мөлдірленгенше егеледі. Таужыныстар мен минералдардан дайындалған мөлдір тастілімдердің жұқалығы — 0,025-0,030 мм, ал қазба көмір тастілімдерінің бұл көрсеткіші 0,005-0,035 мм аралығында.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub