Мөлдірплазма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:P Cell.svg
Мөлдірплазма.

Мөлдірплазма (гиалоплазма); (hyaloplasma, грек, hyalos—шыны, мөлдір, plasma — тірі зат) — жасуша цитоплазмасының органеллалар мен қосындылар аралығындағы біркелкі мөлдір қоймалжың ішкі ортасы (матриксі). Мөлдірплазма — коллоидты ертінді түріндегі күрделі жүйе. Оның құрамына протеиндер, көмірсулар, нуклеин қышқылдары, витаминдер, гормондар, АТФ, минералды заттар және т.б. клеткадағы зат алмасу процесіне (метаболизміне) катысатын әртүрлі қосылыстар кіреді. Жасуша протеинінің 20-25% мөлдірплазманы құрауға қатысады. Мөлдір плазма жасушадағы және жасуша мен оны қоршаған орта аралығындағы зат алмасуды іс жүзіне асырады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мөлдірплазма|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}