Мәңгүрттік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Merge

Мәңгүрттік — адам бойында ұлттық мәдениет пен құндылықтардың, адамгершілік қасиеттердің жойылуын білдіретін ұғым. Мәңгүрттік ұғымын 20 ғ-дың 80-жылдары көркем әдебиетте Ә.Кекілбаев пен Ш.Айтматов айналымға енгізіп, адамзатқа қауіпті құбылыстардың бірі ретінде көрсеткен. Мәңгүрттік туралы әлеуметтік-мәдени тұжырымдамада адамзатқа ортақ адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды қорғау мәселесі өзекті мәнге ие. Мәңгүрттік ата жұртының тарихын білмеу, оның мәдени-рухани мұрасынан бейхабар болу, шыққан тегін, төл мәдениетін мансұқ ету секілді келеңсіз құбылыстардан туындайды. Тарихи жадынан, тілі мен дінінен, ділінен айырылған адам мәңгүртке айналады. Сана-сезімі мен болмыс бітімін, ұлттық келбетін жоғалтқан мәңгүрт адамдар үшін ұлттық мәдениет маңызды құндылық емес. Қоғам өмірінде Мәңгүрттіктің орын алуы ұлттық өркендеуге қауіпті. Өйткені Мәңгүрттік елдің әлеуметтік-мәдени дамуына кері әсер етіп, мемлекеттіліктің дәстүрлі жүйесіне нұқсан келтіреді;

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәңгүрттік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}