Мәсімхан Бейсебайұлы Бейсебаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мәсімхан Бейсебаев(22.12.1908, Алматы облысы Қарасай ауданы — 23.06.1987, Алматы) — мемлекет қайраткері.
Алматы ауыл шаруашылығы техникумын (1931), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1951) бітірген.
- 1931 — 33 жылдары Қазақ АКСР-і Егіншілік халкоматында жұмыс істеді.
- 1933 — 36 жылдары Алматы ауыл шаруашылығы техникумының директоры болды.
- 1936 — 41 жылдары Қазақстан К(б)П ОК-нің және Алматы облытық партия комитетінің аппаратында жауапты қызметтер атқарды.
- 1941 — 42 жылдары 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты.
- 1942 — 70 жылдары Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан КП Ақмола облыстық атқару комитетінің 2-хатшысы, Көкшетау облыстық атқару комитетінің 1-хатшысы, ҚазКСР-і Министірлік Кеңесі төрағасының 1-орынбасары (1954 — 58) және төрағасы (1964 — 70) болды.
- 20 ғасырдың 60-жылдарының 2-жартысында Қазақстандағы шаруашылық реформалардың жүзеге асырылуына елеулі үлес қосты. Бейсебаевтың басшылығымен Қазақстанда титан, магний, синтетик, каучук, полиэтилен, т.б. өндіріс түрлері қолға алынды. Өскемен конденсатор, Кентау трансформатор, Семей кабель зауыттары іске қосылды. Химия өнеркәсібі қуатты салаға айналып, Маңғыстаудағы мұнай және газ орындары игеріле бастады. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамып, көлік, байланыс жүйелері жақсарды, Рудный, Ақтау сияқты жаңа қалалар бой көтерді. Бейсебаев Қытайдан Қазақстанға оралған 20 мыңнан астам отандастарымызды қабылдап, ата мекенге орналастыруда зор еңбек сіңірді.
- Көптеген ордендер, медальдeрмен марапатталған.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
Дереккөздер
<references/>