Мәсі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қазақы мәсі.jpg
Қазақы мәсі жұбы

Мәсіаяқ киімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық (галош) киіледі. Көбінесе мәсінің қойыпты астарланып, көмкеріледі. Ал ұлтаны жалаң қабат болады. Ол тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншыл өбістіре тігу арқылы ұлтрылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратыл, басын қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонышын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасынаа жіңішке сыздық салады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Мәсі — әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті кәсіпорындар мәсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан-жылға көбейе түсуде.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Мөкі — мәсінің сыртынан киюге арналған кебістің бір түрі, былғырадан тігілген қонышсыз аяқкиім. Бұрын кебісті галош орнына киген. Оның басын жұмсақ қара былғарыдан, табаның қатты ұлтаннан биік өкше етіп тікке. Оны оюлармен, тұмсығын сызықтап күміс, зер жіптермен әшекейлеген. Кейде кебістің өкшесіне бірнеше қабат ұлтан салып шегелеп, тұмсығын домалақтап жасаған.<ref>Қазақ халқының ұлттық киімдері: Аяқкиімдер/ құраст.Хинаят Б., Сужикова А. – Алматы: «Алматыкітап», 2007. - 237б.</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}