Мәскеу мемлекеттік медицина және стоматология университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:УниверситетА. И. Евдокимов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина және стоматология университеті - Ресейдегі стоматолог-дәрігерлерді дайындауда басты рөл атқаратын, әрі "Емдеу ісі" мамандығын дайындауда айтарлықтай орын алатын жоғарғы оқу орны. Университет тарихы XIX ғасырда пайда болған тіс емдеу дәрігерлерін дайындау мектебінен басталады.

Тарихы

  • 1922 жылдың 2-сәуірінде Мемлекеттік тіс емдеу институты ашылды (МТЕИ).
  • 1927 жылы МТЕИ атауы Мемлекеттік стоматолгия және одонтология институты болып өзгертілді. МСОИ стоматологтардың диплом алдындағы дайындығын өткізіп, қарапайым халыққа стоматологиялық көмек көрсететін, ғылыми проблемаларды шешумен айналысатын.
  • 1932 жылы МСОИ атауы Мемлекеттік стоматология және одонтология ғылыми зерттеу институты болып өзгертілді. МСОҒЗИ-да жаңа бөлімшелер: патофизиологиялық, морфологиялық, хирургиялық, әлеуметтік стоматология бөлімі және болатты протездер жасау бөлімшелері ашылды.
  • 1935 жылы МСОҒЗИ негізінде Мәскеу стоматологиялық институты ашылды.
  • 1939 жылы МСОҒЗИ мен Мәскеу стоматологиялық институты біріктіріліп, Мәскеу мемлекеттік стоматолгия институты құрылды.
  • 1949 жылы ММСИ Мәскеу мединциналық стоматологиялық институты болып қайта құрылды.
  • 1968 жылы "Емдеу ісі" факультеті ашылды.
  • 1974 жылы Мәскеу мединциналық стоматологиялық институтына Н. А. Семашконың аты берілді.
  • 1995 жылы дипломнан кейінгі білім беру факультеті ашылады.
  • 1998 жылы орта медициналық білім беретін факультет ашылады, онда "Тіс технигі" мамндығы даярланады.
  • 1999 жылы институт университет мәртебесіне ие болып, Мәскеу мемлекеттік медицина және стоматология университеті деп аталатын болды.
  • 2001 жылы клиникалық психология факультеті жұмысын бастады.
  • 2004 жылы экономикалық факультет ашылады, факультетте "Экономика және денсаулық сақтау мекемесіндегі билік" мамандығы бойынша мамандар даярланады.
  • 2011 жылдан бастап университет әлеуметтік қызметкерлерді оқытуды да бастайды.
  • 2012 жылы МММСУ-ға 90 жыл толды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер