Мәскеу авиациялық институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет Мәскеу авиациялық институты (Ұлттық Зерттеу университеті) - 1930 жылдың 20-наурызында негізі қаланған институт. КСРО кезінде Серго Орджоникидзе атындағы авиациялық институт деп аталған. Қазіргі кезде МАИ-да:

  • 20 мыңнан астам студент институттың 10 факультеті, факультет құқығындағы 3 институты мен 4 бөлімшесінде білім алады.
  • Аспирантурада физика-математика, химия және техникалық ғылымдар мамандықтары бойынша 54; тарих, экономика, философия және саясаттану мамандықтары бойынша 6 ғылым кандидаты дайындалуда.
  • Докторантурада механика, машина жасау, басқару процестеріндегі проблемаларға арналған оннан астам ғылыми бағыт бар. Кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау кеңестері бар.
  • Институт ғалымдары ғылымның 29 бағыты бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Тарихы

Авиациялық институттың ашылуы мен дамуы авиацияға деген қажеттілікпен тығыз байланысты болып табылады. Н. Е. Жуковскийдің атындағы АГОИ (Аэрогидродинамикалық орталық институт) ашылғаннан кейін, авиацияны толығымен қамтитын институт қажеттілігі анық байқалды.

1930 жылы 20-наурызда КСРО-ның Халық шаруашылығы орталық кеңесінің қаулысына сәйкес, Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің аэромеханика факультетінің негізінде Жоғарғы Аэромеханикалық училище құрылған болатын. Осы жылдың 20-тамызында училище негізінде МАИ құрылды. Алғашында сабақтар Ольхов көшесіндегі ғимаратта өткізілсе, кейінірек 5-Тверьская-Ямская көшесінде арнайы ғимарат берілген болатын. Институттың алғашқы өзіндік ғимараты Волоколамская және Ленинградская көшелерінің қиылысында 1933 жылы салынған.

1953-1975 жылдар аралығында МАИ құрылысының екінші кезеңі жүзеге асырылды. Аудиториялық корпустар, оқыту және ғылыми мақсаттарға арналған зертханалар мен өндірістік орындар саны 35 жетті. Институттың өсуімен бірге оның құрылымында да өзгерістер болды, жаңа факультеттер мен кафедралар қосылды. Ұшақ және мотор құрастыру мамандықтарынан бөлек, инженерлік, экономикалық мамандықтар, авиациялық құрал-саймандар жасау мамандықтары қосылды.

2009 жылдың 7-қазанында Мәскеу авиациялық институтына Ұлттық зерттеу университеті мәртебесі берілді.

МАИ рейтингі

2014 жылы "Эксперт РА" агенттігі бұл жоғарғы оқу орнын ТМД-дағы үздік оқу орындарының қатарына қосып, түлектерінің білім сапасына "D" атаулы (жақсы) рейтинг дәрежесін берді.

Дереккөздер