Мәселе, мақсат, міндет, тапсырма

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәселе, мақсат, міндет, тапсырма (задача; problem, task) - талданатын немесе шешілетін проблема; мультипрограммалау және мультипроцессорлық өңдеу режімінде — компьютермен орындалатын жұмыстардың элементі ретінде басқару программасы арқылы орындалатын командалар тізбегі; ресурстар бөлінуді талап ететін есептеу жүйесі жұмысының негізгі бірлігі; программа немесе бір-бірімен байланысты программалар тобы. Әр түрлі есептерге жататын программалар бір-бірімен байланыспайды. Кейде task сөзі процесс терминінің баламасы ретінде қолданылады.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}