Мәриям Сүлейменқызы Тұрсынова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұрсынова Мәриям Сүлейменқызы (1914, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 1990) – ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты (1967). 1942 жылы Қызылорда қалысындағы жұмысшы факультетінтін, 1946 жылы Қызылорда педогогикалық иститутының тарих факультетін бітірген. 1946 – 1948 жылдары сол институтта оқытушы, 1948 – 1990 жылдары Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының тарих, археология, этнография иститутында аспирант, ғылыми қызметкер болды. 1950 жылы бітірген «1930 жылғы Адайлар көтерілісі» атты кандидаттық жұмысы сол кез саясатына орай қорғалмаған. Тұрсынова «Қазақ КСР-і тарихының» 1-томын, Ы.Алтынсариннің таңдамалы шығармаларын баспаға дайындауға ат салысады. 1954 – 1968 жылдары академиг Ә.Марғұланның басшылығымен Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасын зерттейтін ғалымдар тобында істейді. Қазақ КСР-і тарихының (3-том) соңғы басылымындағы ұлт-азаттық көтерілісі жөніндегі тараудың, Қазақстанның 19 ғасырдағы тарихи мәселелері жөніндегі жүздеген мақалалардың авторы.<ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәриям Сүлейменқызы Тұрсынова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}