Мәриям Сейдалықызы Ержанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәриям Сейдалықызы Ержанова (20 тамыз 1928 жылы туған, Ташкент қаласы) – химик-органик, химия ғылымдарының докторы (1971), профессор (1972).

Мәскеу тоқыма өнеркәсібі институтын бітірген (1951). 1951–1956 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Химия институтында ғылыми қызметте болды. 1956 жылдан Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты төмен температурада селективті катализаторларда фурфуролды гидрогендеу және фуронды қосылыстарды гидрогендегенде сорбцияланған сутектің энергетикалық сипаттамалары мен катализатордың активтілігі, селективтілігі, тұрақтылығы арасындағы өзара байланыстарды зерттеуге арналған. 60-тан астам ғылыми еңбегі мен 5 авторлық куәлігі бар.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мәриям Сейдалықызы Ержанова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}